Оқиға 24 ақпанда Thai AirAsia (HS-ABX) Airbus A320 бортында болды. Төтенше жағдай Банкоктан Нахонситаммаратқа ұшатын жолаушыларды дүр сілкіндірді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Cебебі, пауэрбанк жарылып, саяхатшылар арасында бірден дүрбелең тудырды.
Оқиға ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін 30 минут өткен соң орын алған. Борт қызметкерлері бірден өртті сөндіруге тырысты.
Ал жолаушылардың бәрі орындарынан үре түре келіп, ұшақтың артына қарай жүгірді. Ұшақ іші түтінге толды. Кейбір жолаушылар борт ішіндегі өртті су шашып өздері сөндіруге тырысып жатты.
Айта кетейік,ешкім зардап шеккен жоқ.
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.