Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық туристерге тырысқақ ауруы бойынша қолайсыз елдерге (Африка, Азия, оның ішінде Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан елдері) бару кезінде әртүрлі кеңес берді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Мыналар:
• қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;
• әр түрлі сусындарды салқындату үшін мұзды пайдаланбау;
• өнімдерді тұтыну алдында тиісті термиялық өңдеу;
• жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуу;
*тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;
• тек рұқсат етілген су айдындарында шомылу және оның суын жұтпау;
• аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өздігінен емделуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну керек!
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.