09.12.2024
16:05:32
ru
kz

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе бағытын ашу жұмыстары жүргізілуде

Басты жаңалықтар
23.01.2024
17:50
Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе бағытын ашу жұмыстары жүргізілуде
Қазіргі уақытта Қазақстанның халықаралық азаматтық авиация ұйымының талаптарына сәйкестігі 82 пайызды құрайды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгінгі таңда тұрақты негізде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қадағалау және бақылау бойынша жұмыс жүргізілуде. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша 753 тексеру жүргізіліп, 1008 рұқсат құжаты берілген.
 
Сондай-ақ авиациялық әкімшілік FAA (АҚШ әуе билігі) бірлесіп АҚШ-қа тікелей рейстерді ашу бойынша жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, өтінім беру және FAA аудитінен өту үшін Эйр Астана флотына Boeing 787 Dreamliner жеткізіледі деп күтілуде. Жалпы авиациялық әкімшіліктің азаматтық авиациядағы басқару моделіне оң баға берілді.
 
Кеңестің қорытындысы бойынша Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне Астана халықаралық әуежайына ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесу тапсырылды. Сонымен бірге Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігі деңгейінің Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.
 
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.