06.12.2024
19:29:43
ru
kz

Ел азаматтары Вьетнамға визасыз бара алады

Басты жаңалықтар
06.05.2024
13:30
Ел азаматтары Вьетнамға визасыз бара алады
25 мамырда ҚР Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттар иелерін визалық талаптардан босату бойынша Келісімнің күшіне енеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Сыртқы Істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

2023 жылғы 21 тамызда Ханой қаласында (Вьетнам) қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім 2024 жылғы 25 мамырдан бастап күшіне енеді.
 
Келісім екі елдің азаматтары – ұлттық паспорттардың иелері үшін визалық талаптардың күшін жоюды көздейді. Екі елдің азаматтары Қазақстан немесе Вьетнамға кірген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн, ал 6 айдың ішінде жалпы алғанда 90 күнтізбелік күн бола алады.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.