20.05.2024
10:02:26
ru
kz

Әуежайларда авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Басты жаңалықтар
30.04.2024
19:20
Әуежайларда авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда, паркингтерде және жолаушылар терминалдарында қосымша шаралар енгізілуде.


Жолаушылар терминалдарына кіре берістегі бірінші тексеру желісі тыйым салынған заттардың тасымалдануына жол бермеу үшін енгізіледі.
Авиациялық қауіпсіздік шараларын күшейтудің алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру және азаматтық авиацияның әуе көлігі инфрақұрылымының авиациялық қауіпсіздік жағдайын бағалаумен байланысты.


Алдын алу іс-шаралары заңсыз араласу актілерін болдырмау үшін әуежайлардың пайдалану қызметтерінің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын және қауіпсіздік деңгейін анықтау мақсатында жыл сайын жоспарлы түрде жүргізіледі.


Осыған байланысты жолаушылар тексеру және тіркеу рәсімдерінен өту үшін әуежайларға алдын ала келуі қажет.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.