24.11.2024
03:11:39
ru
kz

Үкіметте Air Astana әуе компаниясының IPO-сын өткізу талқыланды

Қазақстан жаңалықтары
29.01.2024
13:00
Үкіметте Air Astana әуе компаниясының IPO-сын өткізу талқыланды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Air Astana әуе компаниясының IPO-сын өткізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің сайты жазды. 

IPO Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында биыл өтуі тиіс екені атап өтілді. Бүгінде «Самұрық-Қазына» АҚ мен Air Astana компаниясы халықаралық кеңесшілермен бірге үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді.

Жиында қаралған өзекті мәселе – биыл 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында жоспарланған өтініштерді қабылдау процесін бастау үшін компанияның бір қарапайым акциясы мен бір ғаламдық депозитарлық қолхатының баға диапазонын анықтау.


IPO (Initial Public Offering) – инвестиция тарту мақсатында компания акцияларын қор биржасында бастапқы орналастыру. IPO кезінде компания ашық айналымға акцияларын шығарады, оларды институционалды инвесторлар да, жеке инвесторлар да сатып ала алады.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.