«Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол Қазақстанға келе қоймас. Келсе кірмейді. Керек кезде шара қабылданады. Оны нақты "бүгін, ертең кіргізбейсіздер ме?" деп талап етпеңіздер. Қазақстанға келе қоймас, егер келген жағдайда кірмейді» - деп жауап берді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Астанада өткен брифингте.
Белгілі тележүргізуші Тина Канделаки Telegram-парақшасында Қазақстанда орыс тілінің қолданылу аясы тым шектеліп жатқанын жазған болатын. Ол «Уральск» атауының – «Орал», «Узень» атауының «Жаңаөзен» деп өзгергенін алға тартқан еді.
Бұл қоғамда қызу талқыланды.
Фото: instagram.com/tina_kandelaki/