18.12.2024
08:36:07
ru
kz

ҚР Туризм және спорт министрі Маңғыстау облысының туристік инфрақұрылымын дамытуды талқылады

Қазақстан жаңалықтары
12.12.2024
10:56
ҚР Туризм және спорт министрі Маңғыстау облысының туристік инфрақұрылымын дамытуды талқылады
ҚР Туризм және спорт министрі Маңғыстау облысының туристік инфрақұрылымын дамытуды талқылады, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов инвесторлармен және даму институттарының өкілдерімен жұмыс барысы бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында Ақтаудағы «Жылы жағажай» аумағында туристік нысандардың құрылысын аяқтау мәселелеріне баса назар аударылды.
 

«Мемлекет басшысының Маңғыстау облысында туризмді дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында біз қысқа мерзімде дамытудың нақты кешенді жоспарын дайындауымыз керек. Негізгі міндеттердің бірі – «Жылы жағажай» туристік бағытындағы нысандарды толық іске асыру. Бұл өңірдің ішкі және шетелдік туристер үшін тартымдылығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті министр.


Кездесу қорытындысы бойынша нақты келісімдерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, келесі жылдың туристік маусымында «Сауда қатарлары» жобасы іске қосылады. Бұл туристерді тартуда тағы бір маңызды бастама.

«Гольф алаңы мен виллалары бар қонақ үй» жобасын жүзеге асыру да жалғасады. Жоба инвесторымен Fairmont (5*) брендін Swissotel (5*) етіп өзгерту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Себебі, Swissotel (5*) брендінің баға саясаты икемді және Қазақстан мен көрші елдер нарығында танымал.

Жобаларды іске қосу туристік аймақтың қалыптасуына, шағын және орта бизнестің дамуына, қосымша салық түсімдерінің түсуіне және 1877 жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді.

Жалпы, курорттық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыру және қонақ үй мен мейрамхана бизнесінің әлемдік жетекші франшизаларын тарту бойынша жұмыс жалғасады.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.