14.06.2025
10:32:03
ru
kz

Иран мен Ирак әуе кеңістігі жабылды

Қазақстан жаңалықтары
13.06.2025
11:40
Иран мен Ирак әуе кеңістігі жабылды

Air Astana әуе компаниясы Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір рейстердің бағытында өзгерістер болады, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Air Astana тобы Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір Air Astana және FlyArystan тұрақты және чартерлік рейстерінің бағытындағы өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етеді. Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха, Манама және Мединаға рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айналып ұшады.


 

Air Astana жағдайды мұқият бақылайды және кейінгі өзгерістер туралы хабардар етеді.


 

Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі рейстердің кестесінде өзгертулер болуы мүмкін.


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.