"Тараптар болған жағдайдың себептерін егжей-тегжейлі талқылады. FlyArystan әуекомпаниясының ресми өкілі қыздың отбасынан кешірім сұрады", - делінген хабарламада.
Кездесуде Көлік министрлігінің қызметкерлері де болды. Әуекомпания кездесу нәтижесімен және қабылдаған шешімдерімен алдағы уақытта бөліседі.
Бұған дейін кәмелетке толмаған жолаушыны бортқа мінгізбеген "FlyArystan" жауапкершілікке тартылғанын жазған едік.