31.01.2026
16:47:54
ru
kz

Әзірбайжандық тревел-блогерлер Шымбұлаққа қыдырып келді

Қазақстан жаңалықтары
30.01.2026
23:39
Әзірбайжандық тревел-блогерлер Шымбұлаққа қыдырып келді

Алматы қаласы мен «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты шетелдік саяхатшылардың қызығушылығын арттырып отыр, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жазды. 


Әзірбайжандық тревел-блогерлер Орхан Асланов, Сеймур Алиев және Аяз Кара қала мен курортта болып, туристік инфрақұрылыммен және демалыс мүмкіндіктерімен танысты.


 

Қонақтар шаңғышылар мен сноубордшылардың кез келген деңгейіне арналған әртүрлі трассаларды, сондай-ақ тау көріністерінің қала панорамасымен үйлесімін жоғары бағалады. Әсіресе, Шымбұлақтағы түнгі сырғанау ерекше әсер қалдырған. 


 

Орхан Асланов қала мен курорттың әрдайым жаңа қырынан танылатынын атап өтіп, теңіз деңгейінен 3 мың метрден астам биіктіктен түнгі Алматы аясында сырғанау ерекше әсер сыйлайтынын айтты. Сеймур Алиев Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы туристік алмасудың әлеуеті жоғары екенін айтып, курорттың мегаполиске жақын орналасуы қолайлы екенін жеткізді. Аяз Кара Қазақстанға алғаш рет келгенін айтып, жергілікті халықтың қонақжайлығына жоғары баға берді.


 

Туризм басқармасы өкілдерінің мәліметінше, блогерлердің әлеуметтік желілердегі жарияланымдары Алматыны халықаралық туристік кеңістікте ілгерілетуге оқ ықпал етпек.


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.
+
Сообщение
+
Заказ звонка
Отправить