фото Air Astana
Air Astana әуе компаниясы Астана - Гуанчжоу - Астана жаңа халықаралық бағыты бойынша билеттерді сата бастағанын хабарлайды.
Тікелей рейстер 2026 жылғы 2 маусымнан бастап аптасына екі рет - сейсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Ұшу қазіргі заманғы Airbus A321LR тар фюзеляжды лайнерінде, жолаушыларға жоғары деңгейде жайлылық пен сервис ұсынатын әуе компанияның флагмандық ұшағында жүзеге асырылады.
Рейстердің кестесі:
•Астана - Гуанчжоу KC8217: 18: 45-те ұшып шығу, 04: 30-да ұшып келу (+1 күн), ұшу ұзақтығы - 6 сағат 45 минут
•Гуанчжоу-Астана KC8218: 05: 45-те ұшып шығу, 10: 10-да келу, ұшу ұзақтығы - 7 сағат 25 минут
Барып-қайту авиабилеттің ең төменгі құны эконом-класта 251 333 теңгеден, бизнес-класта - 835 020 теңгеден басталады.
Астана - Гуанчжоу жаңа бағыты өткен жылдың наурыз айының соңында Air Astana іске қосқан Алматы - Гуанчжоу - Алматы бағытын толықтырады (аптасына 4 рейс).
Осылайша, Астанадан рейстердің ашылуымен әуе компаниясы Гуанчжоуға, Бейжің, Шанхай және Үрімшіге тұрақты рейстерге қосымша аптасына алты рет қатынайды.
Ұшу бағдарламасының кеңеюі жолаушыларға қосымша ыңғайлылықты, соның ішінде Қазақстанның екі ірі қаласынан ыңғайлы түйісулерді және өтімді тарифтерді қамтамасыз етеді.
Жаңа бағыттың іске қосылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік, туристік және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді, сондай-ақ Air Astana хабтары арқылы саяхат және транзит мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазақстандықтар Қытайда 30 күнге дейін визасыз саяхаттай алады.