04.09.2025
17:45:54
ru
kz

Астана-1 вокзалында ауқымды күрделі жөндеу жүргізілуде

Қазақстан жаңалықтары
04.09.2025
12:30
Астана-1 вокзалында ауқымды күрделі жөндеу жүргізілуде

Астана-1 вокзалын күрделі жөндеу кезең-кезеңімен жүргізілуде және инженерлік жүйелерді де, ішкі инфрақұрылымды да қамтиды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 


Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

 

Вокзал кешені құрамына 1990 және 1961 жылдары салынған ғимараттар кіреді. Мұнда күрделі жөндеу жылдар бойы жүргізілген жоқ. Кешеннің жалпы ауданы 11 174 шаршы метрді құрайды. Вокзал 3 лифтпен, 10 эскалатормен жабдықталған және 3 қабылдау-жөнелту жолы бар. Бірінші кезеңде 1990 жылы салынған ғимараттың үй-жайлары жөнделеді. 


Жолаушыларға үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін 1961 жылғы ғимаратта қажетті жағдайлар жасалған.

Жобаға 100 астам жұмысшы мен 5 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Инженерлік желілер мен желдету жүйесін жаңғыртуға ерекше назараударылады.


 

Жаңғырту шеңберінде шатырды, қасбетті,баспалдақ маршын, жарықтандыруды ауыстыра отырып жолаушылар платформасын, инженерлік жүйелерді, санитарлық тораптарды жөндеу және ауыстыру, ішкі үй-жайларды әрлеу жұмыстары көзделген. Мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуіүшін жағдайлар қамтамасыз етіледі, кестенің заманауи ақпараттық таблосы, келіссөздер құрылғылары орнатылады, күтуге арналған орындар, ана мен бала бөлмелері мен мобильділігі төмен жолаушыларға арналған жиһаз жаңартылады, сондай-ақ бірқатар басқа жақсартулар іске асырылады. Вокзалда қозғалыс датчиктері бар үнсіз эскалаторларды, алғимараттың қасбетінде заманауи жарық диодты сағаттарды орнату жоспарлануда.


 

Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Қайта құру аяқталғаннан кейін вокзал кешенінің ғимараттары заманауи, қауіпсіз және жолаушылар үшін ыңғайлы болады.


 

Екінші кезеңде 1961 жылы салынған ғимарат жаңғыртылады. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Астана-1 вокзалы күн сайын 26 жұп пойызға қызмет көрсетеді, ал жолаушыларағыны 10 мыңнан астам адамды құрайды.


 

ҚТЖ вокзалдық инфрақұрылымды жаңартудың ауқымды бағдарламасын іске асыруда: күрделі жөндеулер бүкіл ел бойынша 100 астам вокзалды қамтиды. Барлық жұмыстар компанияның өз қаражаты есебінен қаржыландырылады және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған. Соңғы он жылдықтарда алғаш рет ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.