22.10.2025
23:45:32
ru
kz

Air Astana ұшу алдындағы қауіпсіздік ережелерін еске салады

Қазақстан жаңалықтары
22.10.2025
13:45
Air Astana ұшу алдындағы қауіпсіздік ережелерін еске салады

Air Astana әуекомпаниясы жолаушылардың авиациялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттілігіне назар аударады, деп хабарлайды Travelpress.kz.



Бөгде адамдардан қандай да бір затты қабылдап, оны әуе кемесіне алып кіруге қатаң тыйым салынады. Мұндай әрекеттер жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін. Бұл талапты бұзу ұшудан шеттетуге, сондай-ақ әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.


 

Сонымен қатар, әуекомпания литий-ионды батареялары бар құрылғылар мен батареялардың өзін тасымалдау ережелеріне ерекше назар аударады. Пауэрбанктер мен литий-ионды батареяларды тіркелген жүкте тасымалдауға тыйым салынады. Мұндай құрылғылар тек қол жүгінде тасымалдануы тиіс, ал батарея қуаты көрсетіліп тұруы керек. 100 Вт·сағ-тан жоғары қуатты батареялар тек әуе компаниясының рұқсатымен тасымалданады, ал 160 Вт·сағ-тан асатын батареяларды ұшақпен тасымалдауға тыйым салынады. Ұшу кезінде пауэрбанктерді пайдалануға қатаң тыйым салынады.


 

Air Astana жолаушылардан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Ұшу қауіпсіздігі - әуекомпанияның басты басымдығы.

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.