Air Astana Астанадан Фукуок аралына алғашқы рейсін орындады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Астанадан Вьетнамның Фукуок курорттық аралына алғашқы тікелей рейс 3 желтоқсан күні сағат 21:59-да Астана халықаралық әуежайынан ұшып шығып, жергілікті уақыт бойынша 07:22-те Фукуок халықаралық әуежайына қонды.
Астанадан ашылған әуекомпанияның жаңа бағыты 2024 жылғы 28 қазан күні басталған Алматыдан Фукуокқа тікелей рейстерді толықтырады. Алматыдан рейстер аптасына бес рет, ал елордадан аптасына үш рет жайлы A321LR ұшақтарында орындалады.
Рейстердің ашылуы Фукуоктағы туристік маусымның басталуымен сәйкес келді. Қараша мен наурыз аралығында бұл бағыт жағажайлық демалыс, экскурсиялар және белсенді туризм үшін қолайлы ауа райымен ерекшеленеді. Қазақстан азаматтары Вьетнамда 30 күнге дейін виасыз саяхаттай алады. Әуекомпанияның Астана-Фукуок алғашқы рейсінде жүктеме шамамен 85%-ды құрады, бұл қазақстандықтардың осы бағытқа жоғары қызығушылығын көрсетеді. Air Astana жолаушыларына Оңтүстік-Шығыс Азияның ең әдемі және танымал курорттарының біріне ыңғайлы әрі жеңіл ұшу мүмкіндігін ұсынғанына қуанышты.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.