15.09.2025
16:37:46
ru
kz

Air Astana APEX бес жұлдызды әуе компания мәртебесін жеңіп алды

Қазақстан жаңалықтары
15.09.2025
13:05
Air Astana APEX бес жұлдызды әуе компания мәртебесін жеңіп алды

Air Astana APEX бес жұлдызды әуе компаниясы деп танылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Air Astana қатарынан алтыншы жыл «Ірі әуе компаниялары» санатында Әуе компанияларының жолаушылар тәжірибесі жөніндегі америкалық қауымдастықтың (APEX) ең жоғары бағасына ие болды. Марапаттау рәсімі 2025 жылғы 11 қыркүйекте АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лонг-Бич қаласында өткен APEX/IFSA Global EXPO көрмесі аясында өтті.


 

APEX-тің бес жұлдызды мәртебесі Air Astana-ның қызмет көрсету сапасының әрдайым жоғары екенін дәлелдейді. Жолаушылар жыл сайын компанияны жайлы орындары, борттағы сапалы қызметі, ұшақтағы мәзір нұсқалары мен заманауи ойын-сауық жүйесі үшін жақсы бағалап келеді.


 

«Жолаушыларымыздың сенімін білдіретін APEX-тың ең жоғарғы марапатын тағы да алуға қуаныштымыз. Бұл әрбір рейсте ең жоғары деңгейдегі қызмет пен жайлылықты қамтамасыз етуге ұстанымдылығысызды күшейтеді», - деді Air Astana-ның Борттық қызмет көрсету департаментінің менеджері Жәмила Жақсыбекова.


 

APEX рейтингі әлем бойынша шамамен 600 әуе компаниясының миллионнан астам рейске баға берген жолаушылар пікірлеріне негізделген. 2026 жылдан бастап рейтинг критерийлері қатаңдатылып, APEX бес жұлдызды мәртебесі әлемдегі үздік 40 әуе компаниясына ғана берілетін болды (рейтингіге қатысушылардың 7%-дан аз). APEX төрт жұлдызды марапаты келесі 50 әуе компаниясына беріледі, бұл әлем бойынша талаптарға сай келетін әуе компаниялардың тек 8% ғана.


 

2025 жылғы маусымда Air Astana сондай-ақ Skytrax халықаралық рейтинг агенттігі тарапынан он төртінші рет төрт жұлдызды бағаға ие болған.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.