Air Astana Алматы–Фукуок–Алматы бағыты бойынша Вьетнамға тікелей рейстердің іске қосылып, ұшу желісі кеңейді.
Фукуокқа тікелей рейстер 2024 жылдың 28 қазанында аптасына екі рет — дүйсенбі және сәрсенбі күндері, ал желтоқсан айынан бастап аптасына төрт ретке дейін ыңғайлы A321LR ұшағында орындалады. Ұшақтар Алматыдан 22:45 ұшып, Фукуокқа 08:15-те жетеді. Қайту рейстері сейсенбі және бейсенбі күндері Фукуокадан 09:45-те ұшып, Алматыға 15:50-де жетеді.
Екі бағыттағы билеттер құны алымдарды есепке алғанда эконом-класта 335 899 теңгеден басталады. Билеттерді әуекомпанияның веб-сайтында немесе уәкілетті агенттіктер арқылы сатып алуға болады.
“Жаңа бағыттар әуекомпанияның маршруттық желіні кеңейту және тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша үздіксіз жұмыстың нәтижесі. Вьетнамға жаңа бағыт ұмытылмас саяхат үшін жаңа мүмкіндіктер бере отырып, жолаушыларымыздың арасында үлкен сұранысқа ие болатынына сенімдіміз”, - деді Ерболат Байсалықов, Air Astana-ның кірістерді басқару және коммерциялық жоспарлау жөніндегі аға вице-президент.
Фукуок — Вьетнамда орналасқан, аппақ жағажайларымен және мөлдір суларымен әйгілі көркем арал. Бұл аралға әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшылар көптеп келеді. 2024 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан азаматтары Вьетнамға визасыз саяхаттайды.