21.11.2024
19:49:47
ru
kz

3,8 млрд теңге: Балқаш қаласының әуежайында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Қазақстан жаңалықтары
04.06.2024
11:30
3,8 млрд теңге: Балқаш қаласының әуежайында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Балқаш қаласының әуежайында жермен жүру жолы мен перронды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Travelpress.kz. 

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Жобаның жалпы құны — 3,8 миллиард теңге.

Бас мердігер «КАЗАХДОРСТРОЙ» ЖШС ресурстарды жұмылдырып, қомақты көлемде арнайы техниканы, инженерлік-техникалық қызметкерлерді орналастырып, құрылыс-монтаж жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта асфальтбетон жабындарын фрезерлеу жұмыстары аяқталуда (98%), жермен жүру жолы негізі бөлшектенуде (40%) және жол төсемдері дайындалуда.

Жұмыс жоспарына сәйкес бетон жабындысын монтаждау биылғы жылдың 15 маусымына жоспарланған. Содан кейін аэровокзалды күрделі жөндеу және арнайы көлік қызметінің ғимаратын салу жоспарланған.

Әуежай инфрақұрылымын жаңарту қала мен туристік аймақты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады деп күтілуде. Жолаушылар ағыны үш есе, яғни жылына 13 мыңнан 40 мың адамға дейін өседі деп күтілуде.

Балқаш қаласының әуежайы 1967 жылы салынды, соңғы жөндеу жұмыстары 2007 жылы жүргізілді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.