14.03.2025
19:51:38
ru
kz

FlyArystan рейсінде өрт шықты

Оқиғалар
23.02.2025
16:33
FlyArystan рейсінде өрт шықты
Фото: flyarystan

Бүгін, 23 ақпан күні, FlyArystan әуе компаниясының FS 7375 рейсі Астана – Ақтау бағыты бойынша ұшып бара жатқан кезде ұшақтың үстіңгі жүк салғышында жолаушының сөмкесі өртенді, деп хабарлайды TravelPress.kz FlyArystan-ға сілтеме жасап.

Экипаж жағдайға жедел әрекет етті: бортсеріктер өртті жылдам сөндірді. Ұшақ бортында 182 жолаушы болған, ешкім зардап шеккен жоқ. Қауіпсіздік мақсатында әуе кемесінің командирі ұшақты бастапқы әуежайға қайтару туралы шешім қабылдады. Қону қалыпты өтті.

Рейс Астана уақыты бойынша 17:10-ға кейінге шегерілді. Барлық жолаушылар билеттерін тегін қайта брондау немесе жолақысының толық қайтарымын рәсімдеу мүмкіндігіне ие.

FlyArystan компаниясы бортта портативті қуаттау құрылғылары мен өзге де қауіпті заттарды тасымалдау ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салады. Актуалды талаптармен FlyArystan немесе zakon.kz сайттарынан танысуға болады.

Оқиғаның мән-жайы толық анықталған соң қосымша ақпарат беріледі.

Оқи отырыңыз: Қар құрсауынан 2 адам құтқарылды
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.