«Журналистика: аналитика және зерттеу» мамандығы бойынша білім алуда. Жаңалықтар мен аналитикалық материалдар жазу тәжірибесі, сондай-ақ бейнетүсірілімдерге қатысу және видеоконтентпен жұмыс істеу тәжірибесіне ие.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және елдің транзиттік әлеуетін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
«Саяхат time» YouTube арнасында Шығыс Қазақстанның інжу-маржаны - Катонқарағай ауданына арналған жаңа бейнефильм жарық көрді. Бағдарлама барысында жүргізушілер өңірдің ең көрікті әрі тарихи орындарын аралап, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысты
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордада Грузияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Леван Диасамидзе мырзамен кездесті. Кездесу барысында тараптар туризм және спорт салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін жан-жақты талқылады.
Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар туристік бағыт ретінде елдің тартымдылығын арттыра отырып, халықаралық деңгейде жоғары бағалануда. Бұл туралы Үкімет отырысында «Kazakh Tourism» компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ғазизов мәлімдеді.