Ұлыбритания елшісі Қазақстандағы саяхаттың таңғажайып орындарын атады

Басты жаңалықтар
19.12.2024
10:12
Ұлыбритания елшісі Қазақстандағы саяхаттың таңғажайып орындарын атады
Ұлыбритания елшісі Қазақстандағы саяхаттың таңғажайып орындарын атады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич еліміз бойынша саяхаттың тізімін жасаған. Ол 20 көрнекті орын мен туристік бағыты аралауды жоспарлап отыр. Бұл туралы дипломат «Kazakh Tourism» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасовтың «Born Bold. Travel Boldcast» авторлық подкасты барысында мәлімдеді.

Сұхбат барысында елші әр турист Қазақстанның қай жерлерін аралауы тиіс екендігіне тоқталды. Кэти Лич еліміздің табиғи ландшафттарын белсенді түрде зерделеп, бірегей орындармен танысып үлгерген. 

«Мен өз тізімімнің басында тұрған жерлерге барып үлгердім. Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалына бардық. Бұл мен үшін әлемдік деңгейдегі пейзаж болды және «Жұлдызды соғыстар» немесе «Дюна» фильмдеріне ұқсас декорацияға ұқсады. Шынында да өте ерекше жер. 5 миллион жыл бұрын теңізден қалған жартастар таңғажайып. Мен Маңғыстау өңірінің тек шағын бөлігін ғана көрдім. Онда жартастарға қашалған таңғаларлық мешіттер бар екенін білемін, бірақ оларды әлі көрмедім», - деп өз әсерімен бөлісті елші. 


Кэти Лич ерекше әсерге бөлейтін табиғи ландшафттар арасында Алтын-Емел және Қатонқарағай ұлттық парктерін де атап өтті. 

«Алтын-Емелде ерекше және таңғажайып таулы массивтер бар. Таяуда тау велоспортшысының осы тік жартастармен төменге түскен керемет видеоны көрдім. Ол жартастардың керемет сұлулығы мен ерекше құрылымын көрсетті. Өзім барған үшінші орын - Шығыс Қазақстан мен Қатонқарағай. Бұл адамның қолы тимеген ландшафт, ең әсем таулар және таңғажайып тегіс төбелер. Бұл үш орын - өзім көргім келген жерлердің бірі», - деп бөлісті ол.


Елші алдағы жоспарларымен де бөлісті. Ол Қазақстанның 20 көрікті жерін аралауды жоспарлап отыр. Оның ішінде Тараздың, Жетісудың, Жезқазғанның және Ұлытаудың тарихи орындары бар. Саяхат тізімінде Павлодар мен Орал қалалары да белгіленген.

Толық шығарылым Kazakhstan Travel YouTube-арнасында қолжетімді. «Born Bold. Travel Boldcast» — Қазақстандағы туризм туралы ағылшын тіліндегі тұңғыш подкаст. Оның негізгі мақсаты — елдің туризмін ілгерілету, еліміздің дәстүрлері, мәдениеті және туристік бағыттары туралы тереңірек ақпарат беру. Подкасттың бірінші эпизодына Қазақстандағы Италия елшісі Марко Альберти қатысқан болатын.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.