TEZ Tour туристері елге оралды

Басты жаңалықтар
08.02.2024
16:30
TEZ Tour туристері елге оралды
24 қаңтарда TEZ.KZ туроператоры қызметін тоқтата тұратынын хабарлаған еді, деп хабарлады Travelpress.kz.

Бұл  туралы ҚР Туризм жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Осыған байланысты ҚР Туризм және спорт министрлігінің үйлестіруімен ел азаматтарының көшпелі туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі «Туристік Қамқор» қоры қазақстандық туристерді қайтару бойынша жұмысты ұйымдастырды.

Аталған туроператор қызметін тоқтата тұратыны туралы ақпарат тараған кезде шетелде 313 отандық турист болған.
 
Қазіргі уақытта барлық турист Қазақстанға оралды. Министрлік пен Қордың бірлескен жұмысының нәтижесінде туристер елге оралу кезінде ешқандай кедергіге тап болған жоқ. Олардың демалысы турда көрсетілген мерзімге сәйкес өтіп, ұшып келу уақыты турпакетте жоспарланған күндері жүзеге асырылды.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.