Отандық әуе компаниялар 5,5 миллион жолаушыны тасымалдады

Басты жаңалықтар
12.07.2024
18:20
Отандық әуе компаниялар  5,5 миллион жолаушыны тасымалдады
Отандық әуе компаниялары жыл басынан бері шамамен 5,5 миллион жолаушыны тасымалдады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 17%-ға артық. Бүгінгі таңда аптасына 640 рейс жиілігімен 53 бағыт бойынша 6 әуе компаниясы жолаушыларға қызмет көрсетеді. 

Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың көлікке деген қолжетімділігі және ішкі туризмді дамыту үшін елдің 9 өңірінде 19 ішкі авиамаршрут субсидияланады.

Халықаралық әуе қатынасы туралы айтатын болсақ, рейстер аптасына 619 жиілігімен 107 бағыт бойынша 29 елге орындалатынын атап өткен жөн. Оның ішінде, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Египет, Катар, Қытай, Малайзия, БАӘ, Таиланд және басқа елдер бар.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.