Наурыз айында Токио – Алматы бағыты бойынша тікелей рейс ашылады

Басты жаңалықтар
21.10.2025
14:35
Наурыз айында Токио – Алматы бағыты бойынша тікелей рейс ашылады

Жаңа әуе қатынасы алғашқы жылдың өзінде Жапониядан 7 мыңға дейін турист қабылдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Travelpress.kz.



Бұл ақпарат Токионың жетекші туроператорлары мен қазақстандық туристік индустрия өкілдерінің кездесуінде белгілі болды.


 

Кездесуге мәдени, табиғи, премиум және MICE бағыттарында жұмыс істейтін Токионың 10 ірі туроператоры қатысты. 


 

Тараптар бірлескен туристік жобаларды, бағыттарды насихаттау жоспарын және Алматыдағы жапон туристері үшін «Шығыстың баурап алатын орталығы» ретінде имиджін қалыптастыру мүмкіндігін талқылады.


 

Әсіресе, жапондықтар Тянь-Шань таулары, «Шымбұлақ» курорты, Шарын шатқалы сынды Алматының табиғи көрікті жерлері мен ұлттық ас мәзіріне ерекше қызығушылық танытты.


 

Жаңа рейс Қазақстан мен Жапония арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ туризмді дамытуға серпін береді.


 

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.