Мемлекет басшысы туризм саласына жеке инвестиция тарту мәселесіне тоқталды

Басты жаңалықтар
18.04.2025
17:46
Мемлекет басшысы туризм саласына жеке инвестиция тарту мәселесіне тоқталды
Мемлекет басшысы туризм саласына жеке инвестиция тарту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Бұл туралы Ақорда сайты мәлім етті.

Үкімет «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың кешенді жоспарын шұғыл түрде бітіруі керек. Маусым айында бұл жоспарды мақұлдаймыз.

Облыс әкімдігі Үкіметтің қолдауымен осы салаға жеке инвестиция тарту мәселесін пысықтауы қажет. Тағы бір мәселе, бұл – іс-шаралар туризмі (Event tourism). Ақтау түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін алды. Жақында ашылу рәсімі жақсы өтті. Бұл іс-шараға өз азаматтарымызбен қатар, түркітілдес елдер де зор қызығушылық танытты. Алдағы уақытта 30-дан астам іс-шара өткізіледі. Осының бәрі аймаққа туристер тартуға жол ашуға тиіс. Бұл жұмысты белсенді жүргізу қажет. Жалпы, аймаққа шетел инвестициясы тұрақты келіп жатыр. Бірақ оның үштен екісі мұнай-газ секторына тиесілі.

Сондықтан басқа да салаларға белсенді түрде инвестор тарту қажет.




 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.