ҚТЖ жазда 4,2 млн-нан астам жолаушыны тасымалдауға дайын

Басты жаңалықтар
13.07.2025
13:18
ҚТЖ жазда 4,2 млн-нан астам жолаушыны тасымалдауға дайын

ҚТЖ жазғы маусымда өзінің барлық бағдарлары бойынша 4,2 млн-нан астам жолаушыны тасымалдауға дайын, деп хабарлайды Travelpress.kz.



Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. 

 

Қазақстанда ішкі туризм үшін ең басты көлік түрі – пойыздар болып қалып отыр. Жаз маусымы басталғалы бері Бурабай курорты станциясына дейін 47,8 мыңнан, Алакөлге дейін 32,5 мыңнан астам адам тасымалданған. 



Осы екі бағыт бойынша барлығы 80,4 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетілген. 
 

Алакөлге жалпы 280 мыңға жуық жолаушынытасымалдау жоспарланып отыр, бұл өткен жылғақарағанда 16 мың адамға көп. Бұл бағыттағы вагондар 100% толып кетіп отыр.


 

Жазда «Жолаушылар тасымалы» АҚ 112 бағдарбойынша 4,2 млн-ға дейін жолаушыны тасымалменқамтамасыз етпек.  Сол үшін Алакөл, Балқаш, Бурабай курорты сияқты негізгі курорттық бағыттарды қамтитын қосымша пойыздар саны арттырылды. 

 

Қозғалыс кестесіне 11 пойыз бен тіркеме вагондарқосылды, олардың қатынау мерзімділігі әр түрлі, яғникүн сайын жүретіні де бар, аптасына бірнеше ретқатынайтыны да бар. Әсіресе, Астана мен Алматыдан Достық, Жалаңашкөл, Шымкент және басқа да туристік аймақтарға бағытталған бағдарлар жоғары сұраныста. 

 

Жолаушыларға қолайлы болуы үшін Жалаңашкөлжәне Көктума вокзалдарында персоналдың жұмыскестесі өзгермелі етіп енгізілді. Ақши станциясының вокзалы тәулік бойы жұмыс істейтін режимге ауыстырылды. Санитарлық аймақтар, күту залдарымен басқа да тиесілі инфрақұрылым жаңартылды. 

Станцияларда дауыс зорайтқыш байланыс жүйесі мен билет кассалары жұмыс істеп тұр. 

 

 


 

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.