Қыздардан құралған экипаж Азаматтық авиация академиясында алғашқы рейсін жасады

Басты жаңалықтар
10.05.2024
16:45
Қыздардан құралған экипаж Азаматтық авиация академиясында алғашқы рейсін жасады
Адамзаттың нәзік жанды өкілдері гендерлік стереотиптерді тағы да жоққа шығаруда. Тек қыздардан құралған экипаж Тараз аэродромындағы Азаматтық авиация академиясында ұшу тәжірибесі тарихындағы алғашқы рейсін жасады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 


Тарихи экипаж құрамында нұсқаушы ұшқыш Аделина Луценко мен студент Екатерина Степина болған. Нәзік жандылар Tecnam 2002JF бір қозғалтқышты оқу-жаттығу ұшағында аспанға көтерілді.
 

«Сезім негізінен кез келген басқа ұшу кезіндегідей. Мен үшін бұл өзінен-өзі түсінікті жағдай. Оқу кезінде менің де екі әйел нұсқаушы болған еді. Осыған қарамастан, академияның алғашқы әйел экипажы болғандықтан, өзімді мақтан тұтамын. Сонымен қатар, осы тарихи  оқиға тек 2024 жылы болғаны өкінішті», -- деп бөліседі Аделина.


Қазіргі уақытта жас нұсқаушыға  екі студент тіркелген. Бикеш оларға ұшу тәжірибесі бойы аспанды қалай бағындыруды үйретпек.

Айта кетейік, Аделина Луценко бұған дейін Испанияда Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) сертификаттауынан өткен болатын. Ол халықаралық дәрежедегі нұсқаушы ұшқыш болып саналады.
 

Азаматтық авиация академиясында ұшқыштан бөлек тағы 11 мамандық бойынша оқу жүргізілуде.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.