Қазақстан мен АҚШ әуе компаниялар арасында ынтымақтастық кеңеюде

Басты жаңалықтар
10.11.2025
13:43
Қазақстан мен АҚШ әуе компаниялар арасында ынтымақтастық кеңеюде

Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында Air Astana әуе компаниясы мен Boeing компаниясы арасында Boeing 787-9 Dreamliner үлгісіндегі 15 ұшақты жеткізу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Бұл келісім бұрын тапсырыс берілген осындай үш әуе кемесін толықтырады. Келісімшарттың жалпы құны 7 миллиард АҚШ долларын құрайды.


 

Әуе паркінің жаңартылуы Air Astana компаниясына халықаралық бағыттар географиясын кеңейтуге, соның ішінде АҚШ-қа тікелей әуе рейстерін ашуға мүмкіндік береді.


 

Бұдан бөлек, SCAT әуе компаниясы мен Boeing арасындағы әріптестік те жалғасуда. 2035 жылға дейін 15 дана Boeing 737 ұшағын сатып алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ «Қазаэронавигация» РМК мен америкалық Leidos компаниясы арасында аэронавигация жүйесін Skyline-X деңгейіне дейін жаңарту жөніндегі ынтымақтастық жалғасуда.


 

Аталған жобаларды іске асыру Қазақстандағы әуе қозғалысын басқару жүйесінің техникалық жарақтандырылу деңгейін және қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.