Қазақстан әлемде «орта державалар» қатарына енді

Басты жаңалықтар
13.02.2024
15:16
Қазақстан әлемде «орта державалар» қатарына енді
"Ғылым және саясат қоры", "Орта державалар – халықаралық саясаттағы маңызды факторлар" атты көлемді мақалалар жинағын шығарды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 
Бұл туралы swp-berlin сайты жазды.

Мақалада еліміз алғаш рет орта державалар қатарына кірді.

"Орта державалар" ұғымы - әлемдік саяси және экономикалық аренада маңызды рөл атқаратын мемлекеттерді білдіреді. Әдетте оған Түркия, Израиль және Үндістан елдері кіретін. Биыл "Ғылым және саясат қорының" орта державалар тізіміне Қазақстан алғаш рет енді.
 
Бұл ұйымның Германия үкіметімен және парламентімен әріптестігін ескере отырып, Еуропалық одақ Орталық Азия елдеріне, атап айтқанда Қазақстанға көбірек назар аударуда деп болжауға болады.
 
Қор мамандарының пікірінше, Қазақстан Орталық Азия мемлекеттері арасында өзінің сыртқы саясатымен ерекшеленеді. Бұл оны аймақтағы негізгі ойыншыға айналдырады.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.