Елімізде 122 мың қытайлық турист саяхаттаған

Басты жаңалықтар
17.10.2024
10:30
Елімізде 122 мың қытайлық турист саяхаттаған
Қазақстан Бейжіңдегі (Қытай) халықаралық COTTM (China Outbound Travel & Tourism) туристік көрмесіне қатысып жатыр. Көрмедегі Қазақстан стенді ҚР Туризм және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Kazakh Tourism ҰК АҚ және Алматы облысы Туризм басқармасы Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастыруды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Ұлттық стендте Қазақстанның туризм әлеуетін 21 туристік сала өкілі таныстырады. Олардың қатарында 12 туроператор, 7 қонақ үй және демалыс орындары бар. Қазақстан әлеуеті зор туристік бағыт ретінде халықаралық танымалдылыққа ие болып келеді. Еліміздің туристік мүмкіндіктері China Media Group, Dragon Trail және басқа да жетекші халықаралық платформаларда жаһандық аудиторияның назарын аударуда.

Қытай Қазақстан үшін негізгі туристік мақсатты нарықтардың бірі саналады. Былтыр қарашада Қазақстан мен Қытай азаматтары үшін 30 күнтізбелік күнге дейін өзара визасыз режим енгізілсе, биылдан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер саны артты. Қазіргі таңда Қазақстан – Қытай бағыты бойынша аптасына 44 рейс орындалады.

eQonaq жүйесінің деректері бойынша, биылғы 10 айда Қазақстанға ҚХР-дан 122 мыңнан астам турист келген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 64% көп. Былтырғы 10 айда елімізде 78 515 қытайлық турист саяхаттаған.

Көрме аясында Outbound Tourism Investment & Development Forum іс-шарасында Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстыру жоспарланған.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.