Авиация әкімшілігі шағын авиация пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін күшейтеді

Басты жаңалықтар
22.07.2024
17:04
Авиация әкімшілігі шағын авиация пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін күшейтеді
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі шағын авиация пайдаланушыларының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі шараларды күшейтуде, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 
Авиациялық жұмыстарға тартылған шағын авиациялық әуе кемелерін пайдаланудың көктемгі-жазғы кезеңінің басталуымен авиациялық оқиғалар фактілері жиілеп кетті.

Осыған байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің тапсырмасы бойынша авиациялық оқиғалардың қайталануының алдын алуға, оның ішінде компаниялардың қызметін тоқтата тұру, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтата тұру, заңнама талаптарын бұзған тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту жолымен бағытталған шараларды күшейтеді.


Сондай-ақ, пайдаланушыларға ұшуға жарамдылығын бағалау бағдарламасы бойыншаАн-2 үлгісіндегі барлық әуе кемелеріне қосымша бағалау жүргізу, авиациялық қызметкерлердің ұшуды орындауға дайындығын бақылауды күшейту және басқа да алдын алу шаралары мәселелері бойынша нұсқаулар берілді.

Оқиғалардың себептерін тергеуді Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссиялары жүзеге асырады.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.