Астана – Талдықорған бағытында тікелей жолаушылар қатынасы іске қосылады

Басты жаңалықтар
27.03.2026
11:13
Астана – Талдықорған бағытында тікелей жолаушылар қатынасы іске қосылады

9 сәуірден бастап Астана – Ақтоғай – Талдықорған бағыты бойынша тікелей жолаушылар қатынасы іске қосылады, деп хабарлайды Travelpress.kz.  


 

№122/121 «Астана – Семей – Астана» пойызының құрамына (тасымалдаушы – «Арай Транс KZ» ЖШС) екі вагон — 1 купелік және 1 плацкарттық вагон қосылады. Олар Ақтоғай станциясына келгеннен кейін бөлек пойыз құрамында Талдықорғанға дейін сапарды жалғастырады. Бұл жолаушыларға ешқандай ауысып мінусіз ыңғайлы сапар жасауға мүмкіндік береді.  


 

Қозғалыс күн ара жоспарлануда.

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.