Үш өңір туризмді дамытуға күш салады

Қазақстан жаңалықтары
24.08.2024
13:07
Үш өңір туризмді дамытуға күш салады
Алматы қаласында Алматы облысы мен Щучье-Бурабай курорттық аймағында туризмді дамыту бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Оған Алматы әкімі Ерболат Досаев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев қатысты. Қатысушылар туристерді көптеп тартуда бірлескен бастамаларды талқылады.

Алматы қаласында Алматы облысы мен Щучье-Бурабай курорттық аймағында туризмді дамыту бойынша кеңес өтті

Былтыр ШЫҰ-ның мәдени астанасы деп танылған Алматыға 2 млн-нан астам адам келіп, шетелдік турист саны 29,5% өсті.

Алматы облысында Қазақстанның туристік картасына енгізілген 33 аумақтың 9-ы бар. Мұнда «Көлсай көлдері», «Шарын» және «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтары орналасқан.

Алматы қаласында Алматы облысы мен Щучье-Бурабай курорттық аймағында туризмді дамыту бойынша кеңес өтті

Зеренді және Щучье-Бурабай курорттық аймақтары, «Бурабай», «Көкшетау», «Бұйратау» ұлттық саябақтары және Қорғалжын қорығы сияқты бірегей табиғи нысандар орналасқан Ақмола облысы да туризмді дамытуға кіріскен.

Кеңес қорытындысы бойынша бірыңғай туристік өнімдерді құруды, халықаралық нарықтағы орнын нығайтуды, семинарлар өткізуді және т.б. қамтитын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.