Алматыда қаланың қарбаласынан демалып, табиғат аясында тынығуға болатын тыныш аймақтар көп. Солардың бірі – Терренқұр, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Мұнда өзен бойымен серуендеп, таза ауамен тыныстап, таудың сұлулығына тамсануға болады.
Теренқұр - 1974 жылы салынған. Ол Тәттімбет көшесі мен Достық даңғылына параллель орналасқан Алматы “денсаулық жолы”. Ұзындығы - 4,5 шақырым, оның ең биік нүктесі - 1060 метр, ал төменгі жағы - теңіз деңгейінен 876 метр биіктікте.
Аумағында үйректері бар көркем тоған, сондай-ақ воркаут пен балалар алаңдарына арналған көптеген спорттық аймақтар бар.