Таи елінен келетін туристер саны 2 есе артты

Қазақстан жаңалықтары
10.10.2025
10:15
Таи елінен келетін туристер саны 2 есе артты

Өткен жылы елімізге Таиландтан 5 500 астам мейман келді, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Олардың 4 200 астамы қазақстандық қонақ үйлер қызметін пайдаланды. Kazakh Tourism Оңтүстік-Шығыс Азия туристік нарығымен байланысты нығайтып, халықаралық әріптестікті кеңейтуде. Ұлттық компания Таиландтың ірі лоукостері Thai AirAsia X келіссөздер жүргізді.


 

Тараптар Алматы-Бангкок бағыты бойынша тікелей әуе рейсінің іске қосылуын талқылады. Бұл бағытты Thai AirAsia X 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап орындауды жоспарлап отыр. Әуе байланыс аймақтың ірі авиациялық хабтарының біріне айналған Дон Муанг әуежайынан жүзеге асырылады.


 

Жаңа әуе бағыты - таиландтық лоукостердің Орталық Азиямен қатынайтын алғашқы тікелей рейсі. Бұл екі ел арасындағы туристік әрі іскерлік байланыстарды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Әуе рейстері дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі күндері аптасына 4 рет Airbus A330 ұшағымен орындалады.


 

«Біз Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ынтымақтастықты кеңейтіп келеміз. Өткен жылы Малайзиядан келетін туристер ағыны 5 есеге өсіп, бұл біздің «AirAsia X» әуекомпаниясымен серіктестіктің табысты нәтижелерінің біріне айналды. «Thai AirAsia X» компаниясының Орталық Азиядағы алғашқы бағыты ретінде Қазақстанды таңдағанын жоғары бағалаймыз. Бұл елімізге деген туристік қызығушылықты ғана емес, Қазақстанның Орталық Азиядағы саяхат хабына айналуына септігін тигізеді», – деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы.


Thai AirAsia X компаниясының бас директоры Паттра Чаярпанит жаңа әуе қатынасы елдеріміз арасындағы туристік ағынның өсіміне ықпал ететінін атап өтті.


 

Саяхатшылар үшін тағы бір артықшылық бар. Қазақстан мен Таиланд арасындағы 30 күнге дейінгі өзара визасыз режим сапарларды одан да қолжетімді әрі ыңғайлы етеді.


 

Бұл келіссөздерді жүргізуге Қазақстанның Таиландтағы елшілігі қолдау көрсетті.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.