Рамазан айы: Ұлттық тасымалдаушы пойыздарындағы вагон-ресторандар арнайы кестеге көшті

Қазақстан жаңалықтары
24.02.2026
09:10
Рамазан айы: Ұлттық тасымалдаушы пойыздарындағы вагон-ресторандар арнайы кестеге көшті

Қасиетті Рамазан айының басталуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарындағы вагон-ресторандар арнайы кесте бойынша қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Аталған тәртіп 40 вагон-ресторанда енгізіледі.

Вагон-ресторандар күн сайын сағат 8:00-ден түнгі 24:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ораза ұстаушыларға ыңғайлы болу үшін сәресі уақытында — сағат 04:00-ден 05:00-ге дейін ашық болып, жолаушыларға ораза басталғанға дейін таңғы астарын іше алады. Рамазан айында вагон-ресторандарда арнайы әзірленген мәзір топтамалары ұсынылады.

Ауызашар кезінде вагон-ресторандарда жолаушыларға су мен құрма тегін беріледі. Бұл уақытта пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды.


«Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, рухани кемелдену мен ізгі тілектерін білдіреді.

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.