Qazaq Air халықаралық бағыттарға егде жастағы адамдарға арналған тариф енгізді

Қазақстан жаңалықтары
17.06.2024
13:35
Qazaq Air халықаралық бағыттарға егде жастағы адамдарға арналған тариф енгізді
QAZAQ AIR әуекомпаниясы халықаралық бағыттарда жастарға, егде жастағы адамдарға арналған тарифтердің енгізілді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Qazaq air әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Жас шектелімі бар тарифті 60 жастан асқан әйелдер мен ерлер және 16 жастан 22 жасқа дейінгі жастар (21 жыл қоса алғанда) пайдалана алады.  Әуекомпания ішкі рейстерде мұндай тарифтің қолданылып келе жатқанын еске салды.
 
Аталған тариф бойынша билетті сатып алу үшін веб-сайтқа кіріп, сапардың бағыты мен күнін көрсеткеннен соң, ашылмалы тізімнен жасын ескере отырып, жолаушы қай санатқа жататынын таңдау қажет. Әрі қарай ұшу опциялары бар бет жүктеледі. Арнайы ашылған бетте тарифті таңдап, жеке деректерді толтырып, билетті төлеуге көшу керек. Әуекомпания билеттерді flyqazaq.com сайтынан, QAZAQ AIR кассасы арқылы немесе әуекомпания агенттерінен онлайн сатып алуға болатынын еске салды.
 

«Мұндай тарифтің артықшылығы – төмендетілген баға. Сонымен қатар, билетті сатып алудың тағы тиімді тұсы – жасына байланысты тарифтер ыңғайлы. Себебі, мұнда рейс күнін өзгертуге шектеулер жоқ, қайтару айыппұлсыз және жүк билет құнына кіреді. Сонымен қатар, жолаушы билетті рейсте орын болған жағдайда тегін қайта брондай алады», – деп атап өтті әуекомпанияның ресми өкілі Ақбота Орынбаева.

 
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.