Пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек?

Қазақстан жаңалықтары
05.08.2025
12:40
Пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек?

Жолаушылардың арасында пойызға кешігіп қалу жиі кездеседі, деп хабарлайды Travelpress.kz.

 

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойызға кешігіп қалған жағдайда қандай шаралар қабылдау қажет екенін еске салады.

 

Алдымен вокзалдағы билет кассасына барып, жағдайды кассирге хабарлау қажет. 


 

Егер жолаушы пойызға үлгермей қалса, билет құнын жартылай қайтарып алуға мүмкіндігі бар. Алайда бұл рәсімді пойыз билетте көрсетілген станциядан жөнелтілген сәттен бастап бір сағат ішінде орындау керек.


 

Қайтару рәсімін жүзеге асыру үшін жеке куәлік пен билетті ұсыну қажет. Кассир тиісті құжаттарды рәсімдеп, егер орын болса, келесі пойызға отырудың балама нұсқаларын ұсына алады. Билет құнын қайтару мөлшері мен мерзімі жолаушыларды, жүк пен багажды, сондай-ақ пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес белгіленеді.


 

Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне хабарласуға болады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға осындай жағдайлардан сақтану үшін вокзалға ертерек келуді ұсынады.


 


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.