Павлодар облысында туристік қызметтердің көлемі 28 пайызға өскен

Павлодар облысында туристік қызметтердің көлемі 28 пайызға өскен

Павлодар облысындағы Жасыбай көлінде қысқы туристік маусымның салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Іс-шараға өңір тұрғындары мен облыс қонақтары, сондай-ақ туроператорлар мен туристік бизнес өкілдері қатысты.


 

Іс-шара аясында қонақтарға аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Мәдени бөлімде бүркітпен көрсетілімдер мен тазы иттерінің ұлттық тұқымын таныстыру рәсімі өткізілді. Қатысушыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында ыстық тамақ, ыстық шай, бауырсақ ұсынылды, сондай-ақ жылыну пункті жұмыс істеді.


 

Павлодар облысы туристік салада тұрақты дамып келеді. Өңірде 151 орналастыру объектісі жұмыс істейді, олардың жалпы сыйымдылығы 10 мыңнан астам орын. Сондай-ақ облыста 7 туроператор және 192 туристік агент қызмет көрсетеді. Биылғы қаңтар-қараша аралығында туристік қызметтердің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28% өскен. Туристік ағын 243 мыңнан астам адамға жетіп, олардың 236 мыңы ішкі туристер болды.

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.