Павлодар облысында туристер легі 31 пайызға артты

Қазақстан жаңалықтары
20.09.2025
08:38
Павлодар облысында туристер легі 31 пайызға артты

Павлодар облысында туристер легі  31% артты, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді қалай дамытуға болады, агротуризммен сәтті айналысуға не қажет, неге сапа стандарттары қазіргі бизнестің ажырамас бөлігі? Бұл туралы Kazakh Tourism мамандары Павлодар облысының туристік саладағы кәсіпкерлеріне кеңінен түсіндіріп берді.


 

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында өңірдегі орналастыру нысандары 129 мыңға жуық туристі  қабылдады. Аймақтағы қонақ үйлер мен тұры орындарына тоқтаған саяхатшылардың қатары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31% артты. Көрсеткіштің өсімін ескерген Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жергілікті туристік индустрия  өкілдеріне арналған оқыту семинарына ұйытқы болды.


 

Семинар кәсіпкерлердің біліктілігін арттыруға, туристік өнімдерді дамытуға және қонақжайлылық саласында сервис сапасын жақсартуға бағытталды. Аграрлық туризмде бәсекеге қабілетті қызметтерді қалыптастыруға ерекше назар аударылады.


 

«Турист тарту ғана емес, олардың болуына қолайлы жағдай қамтамасыз ету маңызды. Өңірдің жергілікті бизнесті оқытуға мән бергені құба-құп. Бұл өз кезегінде тұрақты туристік экожүйені қалыптастыруға ықпал етеді», - деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы.


 

Kazakh Tourism өкілдері аграрлық және ауылдық туризмді дамытудың келешегі, туристік қызметтерді стандарттаудың жолдары, «Сапа белгісі» бағдарламасы мен гидтер жұмысын цифрландырудың  маңыздылы туралы түсіндірді. Қатысушылар ауылдық жерлерде туризм бизнесін дамытуға арналған нақты кейстерді талдап, туристік өнімдерді қалыптастыру мен дамытуға арналған тәжірибелік құралдарды меңгерді.


 

Атап өткен жөн,  Kazakh Tourism бастамасымен қолға алынған «Сапа белгісі» бағдарламасы қонақжайлылық мәдениетін арттыруға және елдегі туристік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған. 2021 жылдан бері 200 астам компания өз қызметінің туризм индустриясы стандарттарына сәйкестігін растады. «Сапа белгісі» туристік операторларға, орналастыру орындарына, қоғамдық тамақтандыру орындарына екі деңгей бойынша беріледі: «Very Nice» және «Nice».

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.