Көшпенділер ойындарын басқа мемлекеттерге бергіміз келмеді - Азамат Жаманқұлов

Қазақстан жаңалықтары
21.06.2024
16:38
Көшпенділер ойындарын басқа мемлекеттерге бергіміз келмеді - Азамат Жаманқұлов
Туризм мен саяхатқа арналған «Travelstan» подкастында Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат және туризм экс-министрі Азамат Жаманқұлов қонақ болды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

2014, 2016 және 2018 жылдары Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде дайындау және ұйымдастыру комитет басшының орынбасары болған Азамат Жамақұлов көшпенділер ойындарының Қырғызстан үшін маңыздылығы туралы айтты.
 

«2014, 2016 және 2018 жылдары Көшпенділер ойындарын өткізген кезде бүкіл ел осы ойындармен өмір сүрді. Әр жерден көшпенділер ойындары туралы айтылды. Әр тұрғын көшпенділер ойындарымен байланысты барлық нысандарды, ойындарды, ережелерді талқылады. Біз елдің әрбір азаматы ол елші екенін түсіндік. Көшпенділер ойындарының форматын түсіндіру үшін теледидар, радио, барлық ақпараттық ресурстар тартылды», - деді Азамат Жаманқұлов.

Экс-министр Үкіметке Көшпенділер ойындарын Қырғызстанда қалдыру қажеттілігі туралы айтылғанын, оның туристік бренд, туристік фестиваль ретінде елде қалдыруды ұсынғанын, әрбір екі жыл сайын, тіпті жыл сайын өткізу керек екенін айтты.

«Біз әлемге біз басқа, одан да ауқымды форматты - Дүниежүзілік этно ойындарды ұсынар едік. Бірақ 2018 жылы Көшпенділер ойындарын кем дегенде түркі елдеріне беру туралы саяси шешім қабылданды. Түркия мемлекеті өткізгісі келді, біз келісім бердік. Менің ойымша, Қырғызстанды бүгінде Еуропада және басқа елдерде осы көшпенділер ойындары арқылы тани бастады. 2010 жылы біз батыстық БАҚ-ты бақылаған кезде Қырғызстан туралы революция контекстінде материалдар көп болды. Ал 2014 жылдан бастап Көшпенділер ойындарынан суреттер көп шыға тарала бастағанын байқадық», - деді Азамат Жаманқұлов.


   Айта кетейік, биылғы жылы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қыркүйек айында Астана қаласында өтеді. Travelstan подкасты тәжірибе мен пікір алмасу үшін  туризм саласындағы мамандармен туризм және саяхат саласындағы өзекті тақырыптарды талқылауға арналған  онлайн платформа.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.