Қазақстанның туристік орындарында шетелдік фильм түсірмек

Қазақстан жаңалықтары
03.12.2025
10:38
Қазақстанның туристік орындарында шетелдік фильм түсірмек

Қазақстанның туристік орындарында шетелдік фильм түсіру жоспарланған, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Үндістанның киноөндірушілері еліміздің туристік орындарына қызығушылық танытуда. Алғашқы бірлескен жобаның түсірілімі келесі жылы басталады деп күтілуде. Негізгі локациялар еліміздің бірегей табиғаты мен көріністерімен танымал Алматы өңірінің тауларында және жазық даласында болуы мүмкін.


 

Үндістандағы 55-ші IFFI халықаралық кинофестивалінде Қазақстан туризмінің медиа-амбассадоры және халықаралық жобалардың продюсері Надира Ахонова шетелдік кинематографистерге  елімізді перспективалық бағыт ретінде таныстырды. Режиссерлерге, студиялар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдеріне киноиндустрияға тартымды алаң бола алатын негізгі туристік орындар көрсетілді.


 

«Біз Қазақстанға ірі халықаралық жобаларды тарту мақсатында шетелдік киноөндірушілермен келіссөздерді белсенді жүргізіп жатырмыз. Үндістандық продюсерлер мен студиялар елге қызығушылық танытып, көркем және деректі фильмдер түсіру мүмкіндігін қарастыруда. Алғашқы жобамыз бойынша Алматыда рекогносцировка жүргізіліп, даладағы және таудағы локациялар таңдалды. Сондай-ақ, жергілікті мамандардан құралған команданы қалыптастыру басталды. Бұл туристік әлеуетімізді кино арқылы паш етумен қатар екіжақты шығармашылық ынтымақтастықты дамытуда маңызды қадамға айналады», – деді Надира Ахонова.


 

Жаңа фильм Қазақстанның туристік әлеуетін Үндістан тұрғындарына және әлемнің басқа елдеріне таныстырады. Кинокартинада бірегейлік, мәдени өзара әрекеттестік және адами құндылықтар тақырыптары қамтылады.


 

Халықаралық жобаның түсірілімі Қазақстанның тартымды креативтік алаң ретіндегі имиджін нығайтeға септігін тигізеді.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.