Қазақстанның Тұрақты өкілі азаматтық авиация саласындағы Иран және Доминикан Республикасының өкілдерімен ынтымақтастықты арттырмақ

Қазақстан жаңалықтары
18.10.2024
10:30
Қазақстанның Тұрақты өкілі азаматтық авиация саласындағы Иран және Доминикан Республикасының өкілдерімен ынтымақтастықты арттырмақ
Қазақстанның Тұрақты өкілі азаматтық авиация саласындағы Иран және Доминикан Республикасының өкілдерімен ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тілегенов Иран Ислам Республикасының Тұрақты өкілі Фархад Парварешу және Доминикан Республикасының Тұрақты өкілі Хулио Пеньямен кездесті.

Иран өкілімен азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастық және ИКАО алаңындағы өзара іс-қимыл желісі мәселелері талқыланды. Екіжақты саяси және сауда-экономикалық әріптестіктің жоғары деңгейі, сондай-ақ екі мемлекет арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететін Алматы-Тегеран, Ақтау-Горган және Ақтау-Сари тікелей жолаушылар әуерейстерінің практикалық маңыздылығы атап өтілді.

Иранның тұрақты өкілі ИКАО алаңындағы миссиясының қызметі және Үкіметтің азаматтық авиацияны дамыту шаралары туралы айтты.

Өз тарапынан ИКАО жанындағы Қазақстанның тұрақты миссиясының басшысы әңгімелесушіні ҚР азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту, жаңа рейстерді ашу, ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ИКАО стандарттарына сәйкестік деңгейін арттыру жөніндегі ағымдағы жай-күйі мен жоспарлары туралы хабардар етті.

Доминикан Республикасының Тұрақты өкілімен кездесуде ИКАО алаңындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, туризм, сауда және экономика салаларындағы кооперацияның әлеуеті атап өтілді.

Тараптар екіжақты байланыстарды қолдауға келісті.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.