Бұл туралы Zakon.kz сайты жазды.
Ермек Маржықпаев виза алу рәсімдерін жеңілдетіп, визалық және көші-қон режимін цифрландыру арқылы жақсарту қажет екенін атап өтті.
"Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қазір заманауи көшпенділердің визасын енгізу мәселесі қаралуда. Оның атауы – NEO Nomad Visa. Виза шетелдік азаматтарға елде ұзақ мерзімді болу құқығын береді. Бұл шараны енгізуден экономикалық нәтиже жыл сайын 3 млрд теңгеден асады деп күтілуде. Қазіргі уақытта Neo Nomad Visa енгізу тетігі әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға жіберілді", - деді министр.