Қазақстан туризмінің Италиядағы елшісі тағайындалды

Қазақстан жаңалықтары
20.11.2024
17:30
Қазақстан туризмінің Италиядағы елшісі тағайындалды
Қазақстан туризмінің Италиядағы елшісі тағайындалды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Италияда «Астана-Милан 2024» туристік роуд – шоуы сәтті өтті. Маңызды іс-шара туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадамға айналды. Оның нәтижесінде Қазақстанның астанасын халықаралық туристік және іскерлік бағыт ретінде ілгерілетуге бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды. 

Kazakh Tourism компаниясының ҚР Италиядағы туризм елшісін тағайындауы – Миландағы роуд-шоудың басты оқиғасы. Құрметті миссияны Италия-қазақ сауда қауымдастығының (ACIK) Президенті Марко Беретта қабылдады. Елшінің қызметі еуропалық туристер арасында қазақстандық туристік дестинациялардың тартымдылығын арттыруға және іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған. 

Роуд-шоу қос елдің туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезеңіне айналды. Оның барысында «Астана даму орталығы» ЖШС және Итальяндық-қазақ сауда қауымдастығы (ACIK), сондай-ақ «Астана даму орталығы» ЖШС мен Итальяндық-қазақ сауда-экономикалық палатасы (CCIK) өзара түсіністік туралы 2 меморандумға қол қойды. Бұл құжаттар Астананы туристік және іскерлік орталық ретінде ілгерілетуге бағытталған ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды іске асырудың негізін қалады. 

Роуд-шоу барысында Kazakh Tourism, «Астана даму орталығы» ЖШС өкілдері, қазақстандық туроператорлар, қонақ үй желілері мен туристік агенттіктер итальяндық БАҚ пен кәсіпкерлерге ҚР  туристік мүмкіндіктері мен өнімдерін паш етті. 

Іс-шара аясында Астананың туристік әлеуеті таныстырылды, интерактивті сессиялар, іскерлік кездесулер және мәдени іс-шаралар да өтті. Итальяндық БАҚ арасында Қазақстан бойынша ақпараттық турларға ұтыс өткізіліп, үлкен қызығушылық тудырды. 

«Астана-Милан 2024» роуд-шоуы серіктестікті одан әрі дамытудың негізін қалап, өзара іс-қимылдың табысты форматын көрсетті. 

Іс-шараны ҚР Италиядағы елшілігінің, ACIK, Neos S. p.A және CCIK қолдауымен Астана қаласының әкімдігі және «Астананы дамыту орталығы» ЖШС Visit Astana туристік брендімен ұйымдастырды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.