Қазақстан теміржолы мамырдағы мереке күндері 317 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады

Қазақстан жаңалықтары
15.05.2024
15:12
Қазақстан теміржолы мамырдағы мереке күндері 317 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады
Қазақстан теміржолы мамырдағы мереке күндері 317 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.


Теміржол көлігі жолаушылар үшін ең қолайлы әрі қолжетімді тасымалдау жүйесі болып саналады. Биылғы жылдың 1 және 9 мамыр аралығында ҚТЖ-ның еншілес кәсіпорны - «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен 317 мыңнан астам жолаушы тасымалданды. 

Ал жолаушылар 7 және 9 мамыр аралығында сапарға жиі шыққан. Бұл күндері 112 мың жолаушы тасымалданды. Мереке күндері жолаушылар арасында Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Алматы-Шымкент, Астана-Семей бағыттары бойынша жүретін пойыздар сұранысқа ие болды.

Пойыздың басқа көлік түрлеріне қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Теміржол көлігі кез-келген ауа-райында тасымалдауға дайын. Айта кетейік, жыл сайын ҚТЖ қызметін 13,5 млн-нан астам жолаушы пайдаланады.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.