ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиеваның Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ямада Джун мырзамен кездесуі өтті, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Жапония арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылады.
Салтанат Томпиева қазақстандық әуе компаниялар 2025 жылдың бірінші жартысында екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады. Ямада мырза өз кезегінде бұл мәселеде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы экономикалық, іскерлік және мәдени ынтымақтастықты кеңейту үшін әуе қатынасын қалпына келтіру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.