Қазақстан мен Өзбекстан туризм саласын дамыту үшін күш біріктірмек

Қазақстан жаңалықтары
24.09.2024
11:14
Қазақстан мен Өзбекстан туризм саласын дамыту үшін күш біріктірмек
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бахтиер Ибрагимовпен кездесті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Тараптар туристік индустриядағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. 

Қайрат Сәдуақасов Қазақстанда, Өзбекстанда және Қырғызстанда туризмді дамыту жөніндегі трансшекаралық штаб құруды ұсынды. Сонымен бірге ірі іс-шараларға қатысу және елдеріміздің туристік әлеуетін бірлесе ілгерілету жолында бірыңғай Орталық Азия брендингін әзірлеуді ұсынды. 

Дипломат Kazakh Tourism-ге жұмыс сапары аясында туризм индустриясын дамытудың және тартымды әуебағыттарды ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті. 

Тараптар екі елдің туристік ұсыныстарының танымалдығы мен тартымдылығын арттыру үшін күш-жігерді біріктіру қажеттігіне тоқталды. Кездесу нәтижесінде туризм саласында ынтымақтастықтың жаңа көкжиектеріне жол ашатын идеяларды іске асыру үшін нақты қадамдар белгіленді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.