Қазақстан мен Мысыр туризмді дамыту және ежелгі ескерткіштер мұрасын сақтау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан жаңалықтары
04.10.2024
12:03
Қазақстан мен Мысыр туризмді дамыту және ежелгі ескерткіштер мұрасын сақтау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Қайрат Лама Шариф Мысыр Араб Республикасының Туризм және көне ескерткіштер министрі Шериф Фатхи Али Аттыямен кездесіп, екіжақты туризм мен саяхаттауды дамыту, сондай-ақ көне ескерткіштер мен жәдігерлер мұрасын зерттеу мен сақтау салаларында ынтымақтастықты дамытудың бағыттары жөнінде ой бөлісіп, бірқатар нақты бастамалар мен бірлескен жұмыстарды талқылады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, мысырлық тараптың жоғары дамыған туристік және құрылыс салаларын ескере отырып, еліміздің курортық аймақтарда, әсіресе батыс өңірлерде инфақұрылымдық әлеуетті арттыру, қонақ үй, жипажайларды салу үшін мысырлық серіктестерді тарту мәселелері кеңінен талқыланды. Осы ретте бірқатар мысырлық компаниялармен тиісті келіссөздер жүргізілуде.

Қазақстан мен Мысырды ғасырлар бойы бай тарихи және мәдени мұралары біріктіреді. Осы ретте, екі тарап Мысыр жерінде қыпшақ мәмлүктері салған 150-ден астам көне ескерткіштерді бірлесіп қамқорлыққа алу, қыпшақ мәдениетін сақтау мен ежелгі қолжазбаларды зерттеу мәселелерін талқылады.

Қазақстан Елшілігінің ұсынысымен, Мысыр Туризм және көне ескерткіштер министрлігінің қолдауымен және әл-Мансур университетінің мәмлүктанушы ғалымдарымен бірлесіп, қыпшақ мәмлүктері дәуіріне жататын маңызды тарихи ескерткіштер мен мәдени жерлерді аралау бойынша туристердің жол картасын жасалатын болады.

Кездесуде тараптар жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізіп тұруға және аталған бағыттар бойынша мүдделі меморгандар мен ұйымдар арасындағы өзара ықпалдастықты нығайтуға келісті.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.