Қазақстан аспаны әлемдік рекорд тарихына кірмек

Қазақстан жаңалықтары
09.10.2024
17:50
Қазақстан аспаны әлемдік рекорд тарихына кірмек
Қазақстан аспаны әлемдік рекорд тарихына кірмек, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Алматы облысының аспанында әлемдік деңгейдегі рекордтың бөлігіне айналатын бірегей оқиға болды.  Германиядан және Бразилиядан келген нәзік жанды ұшқышар Қазақстан туы бейнеленген әуе шарымен ұшты. Кәсіби мамандар әуе шарымен ұшқан елдер саны бойынша әлемдік рекорд орнатуды жоспарлап отыр.

Германиядан келген Элли Даннингтон 116 елдің аспанында барлығы 1570 сағат ұшқан. Ол - дүниежүзінде аэронавтика бойынша әлемдік рекордқа қол жеткізетін жалғыз әйел. Бразилиядан келген Лаэс Луммертс үшін Қазақстан әуе шарымен ұшқан 12-ші ел болды. 

"Мен 120 елде ұшу арқылы рекордымызды аяқтауға бел будым. Алматыда мен ерекше жылулық пен қолдауды сезіндім", - деп атап өтті Элли.

"Бұл ұшу мені тәнті етті. Көріністер керемет, ал Алматының аспаны ғажайып", - деп атап өтті Лайс.


Аспанға біруақытта тағы 4 шар көтеріліп, керемет көрініс жасады.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.